Жапонияның Токио қаласында синкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты

29 мамыр мен 2 маусым аралығында Жапонияның Токио қаласында синкиокушинкай каратэден 8-ші әлем чемпионаты (Фул-контакт-каратэден 1-ші әлем чемпионаты) өтті. Оған 32 мемлекет пен әлемнің 165 үздік спортшысы қатысты.

Оның ішінде Қазақстанның шинкиокушинкай каратэ федерациясынан 14 спортшы қатысты.

Чемпиондарымыз 1-орынға ие болған Антон Зимарев, сондай-ақ ел қоржынына 2 қола медаль әкелген Еламан Мұқашев пен Алина Осипенко болды.

Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы командалық есепте 2-орынға жайғасты, тек турнир иесі Жапониядан кейінгі екінші орынға ие болды.