Федерация президенті жеңімпазға сыйлықтар табыс етті

Қайырлы кеш достар!
Жақсы жаңалықпен бөліскіміз келеді.

Бүгін Шинкиокушинкай каратэ федерациясының президенті Бактаев Болат Кашкенович Астана қаласындағы жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін, біздің спортшы Антон Зимарев пен оның жеке бапкері Жанболат Сұлтанбековке $5000 АҚШ долларының сертификатын табыс етті.

Антон Жапонияда өткен Шинкиокушинкай абсолютті каратэден әлем чемпионатында құрметті төртінші орынға ие болды.

Спортшылар мен жаттықтырушыларға қолдау көрсеткен Болат Қашкенұлына алғысымызды білдіреміз.

Жаттықтырушы мен спортшыға жаңа биіктер мен жетістіктер тілейміз! 🔥
Osu!