Наурыз мейрамына орай Ақмола облысында синкиокушинкай каратэден турнир өтті

Бүгін «Болашақ» сарайында шинкиокушинкай каратэден «Наурыз мейрамына арналған» Көкшетау чемпионаты аяқталды. Оған 5 пен 15 жас аралығындағы 120-ға жуық бала қатысты.

Жарысымыздың қонақтары Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Оқжетпес» облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Дархан Салиұлы Қасымов және оның орынбасары Қанат Бахитжанұлы Сәкенов болды.

Жарыстың сәтті өтуіне үлес қосқан «Болашақ Сарай» мекемесінің басшысы Самал Базарбайқызына және «Болашақ Сарай» командасына федерация атынан алғысымызды білдіреміз.