Талдықорғанда шинкиокушинкай каратэден балалар, жасөспірімдер мен қыздар арасында «ZHETISU CUP» халықаралық турнирі өтті.
Жарысқа Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Қазақстанның 2 қаласы мен 9 облысынан 350-ге жуық каратэші қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына Жетісу ауданы әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, Республикалық Шинкиокушинкай федерациясының президенті Болат Бахтаев және басқа да қонақтар қатысты.
Мұндай ауқымды турнир Талдықорғанда төртінші рет өтуде!
Жарыс қорытындысы бойынша еліміздің каратэшілері командалық бірінші орынға ие болды!
Қырғызстанның спортшылары 2-орынға, ал Тәжікстанның жас каратэшілері 3-орынға ие болды!
Халықаралық турнирге үлес қосқандардың барлығына алғысымызды білдіреміз.