Талдықорған қаласындағы «Өркен» спорт кешенінде шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі турнир өтті Талдықорғанда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған шинкиокушинкай каратэден дәстүрлі «Каратэ қыз» турнирі өтті.
Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Жетісу облысының аудан, қалаларынан 80-ге жуық каратэші қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатына Жетісу өңірлік федерациясының президенті Бетирова Зайна Махмұтқызы, Алматы облыстық федерациясының президенті Еркебұлан Мұхтарұлы Бейсембаев және турнирдің құрметті қонағы Сарманов Батырхан Әменұлы қатысты.
Шара барысында спортшыларымызға федерация тарапынан сыйлықтар табыс етілді. Жеңімпаз қыздарымызға демеушілер тарапынан дипломдар, медальдар, гүл шоқтары және арнайы сертификаттар табыс етілді.